«Қазақ тілін қолдануға арналған IT өнімдер» атты облыстық байқауы ұйымдастырылды

    1 / 6
    Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, оны цифрлық кеңістікте дамыту және заманауи ақпараттық технологиялар арқылы насихаттау мақсатында «Қазақ тілін қолдануға арналған IT өнімдер» атты облыстық байқау өтті.
    Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ тілін күнделікті өмірде және цифрлық ортада қолдануға мүмкіндік беретін инновациялық жобаларды қолдау, жастардың IT саласындағы әлеуетін арттыру және мемлекеттік тілдегі технологиялық өнімдердің санын көбейту.
    Байқауға жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, IT мамандары қатысты. Қатысушылар қазақ тілін үйренуге, қолдануға, дамытуға және насихаттауға бағытталған IT жобалары мен тың идеяларын ұсынды.
    Іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Каюпов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейтудің және мемлекеттік тілдегі заманауи IT өнімдерді дамытудың маңыздылығына тоқталды.
    Қатысушылардың жұмыстарын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А. Абасилов бастаған қазылар алқасы бағалады. Бағалау барысында ұсынылған жобалардың өзектілігі, жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге қосатын үлесі ескерілді.
    Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Qaz Standart» тобы,
    ІІ орынды «Qadam» тобы, ІІІ орынды «Teketires» тобы иеленді. Ал ынталандыру сыйлықтарына «QazaqTube 1», «QazaqTube 2», «Qazaq MonkeyType», «GylymHUB», «Sauatty zamandas» топтары лайық деп танылды.
    Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
    Байқау қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі мүмкіндіктерін кеңейтуге, жастардың шығармашылық және технологиялық ізденістерін қолдауға, мемлекеттік тілдегі отандық IT өнімдерді дамытуға бағытталған маңызды бастама болды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы" жаңалықтары