Салтанатты ашылу рәсіміне Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов қатысып, кәсіпорынның өндірістік алаңын аралап, жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ шараға кәсіпкерлік саласының өкілдері, еліміздің бірқатар өңірінен келген құрылыс компанияларының өкілдері мен сәулетшілер қатысты.
Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары өңір экономикасын әртараптандырудағы өңдеу өнеркәсібінің маңыздылығына тоқталып, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және жергілікті кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту облыстың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Кешеннің жалпы аумағы 3 200 шаршы метрді құрайды. Мұнда алюминий терезелер, есіктер мен витраж конструкциялары өндіріледі. Өндірісте бұйымдарды есептеу мен конструкциялаудан бастап, бояу, жоғары дәлдіктегі станоктарда өңдеу, құрастыру және дайын өнімді қаптауға дейінгі толық цикл қарастырылған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









