ЕСІРТКІГЕ ЖОҚ ДЕ!

    ЕСІРТКІГЕ ЖОҚ ДЕ!
    Есірткі – өміріңді өзгертетін қауіпті таңдау!
    Есірткі дегеніміз не?
    Есірткі – адамның миы мен жүйке жүйесіне әсер етіп, психикалық және физикалық тәуелділік тудыратын зиянды заттар. Оны қолдану адамның денсаулығына, өміріне және болашағына үлкен қауіп төндіреді.
    Есірткінің адам ағзасына зияны
    Миға: есте сақтау, ойлау және есте сақтау қабілетін бұзады.
    Жүрекке: жүрек соғысын бұзып, инфаркт қаупін арттырады.
    Бауырға: бауыр қызметін зақымдайды.
    Жүйке жүйесіне: мазасыздық, күйзеліс, психикалық бұзылыстар туғызуы мүмкін.
    Иммунитетке: ағзаның қорғаныс қабілетін әлсіретеді.
    Өмірге: артық дозалану салдарынан өлімге әкелуі мүмкін.
    Есірткіге тәуелділіктің белгілері
    Мінез-құлықтың күрт өзгеруі.
    Көңіл күйдің жиі ауысуы.
    Ұйқының және тәбеттің бұзылуы.
    Жақындарынан оқшаулану.
    Оқу мен жұмыс үлгерімінің төмендеуі.
    Есірткі қолдануға деген құмарлықтың артуы
    Есірткінің әлеуметтік салдары
    Отбасылық қарым-қатынастың бұзылуы.
    Қаржылық қиындықтар.
    Құқық бұзушылыққа бару қаупі.
    Достарынан және жақындарынан айырылу.
    Болашақ жоспарларының бұзылуы.
    Есірткінің алдын алу жолдары
    Есірткіні кез келген жағдайда қолданудан бас тарту.
    Салауатты өмір салтын ұстану.
    Спортпен және пайдалы істермен айналысу.
    Жаман әдеттерден аулақ болу.
    Дұрыс орта мен достар таңдау.
    Қиындық туындаса, жақындарыңнан немесе мамандардан көмек сұрау.
    Қайда көмек алуға болады?
    Егер өзіңіз немесе жақын адамыңыз есірткіге тәуелділік мәселесіне тап болса, нарколог-дәрігерге, психологқа немесе медициналық ұйымға жүгініңіз.
    Шұғыл қауіп кезінде 103 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары