Ұлытау облысының оқушылары Астана қаласында өткен «STEM Олимпиадасы – Білім берудегі инновациялар» халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық финалға жолдама алды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Білім додасында Сәтбаев қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің «ЗерекTECH» және №14 жалпы білім беретін мектептің «Анаконда» командалары үздіктер қатарынан көрінді.
Атап айтқанда, «ЗерекTECH» командасы 300 команда арасынан іріктеуден өтіп, халықаралық кезеңге жолдама иеленді. Команда жетекшісі – Сұлтан Дәурен Асқарұлы.
Ал «Анаконда» командасы республикалық кезеңде үздік 15 команданың қатарына еніп, 10-орынды иеленді. Команда жетекшілері – Ф.О. Сыздықова және А.А. Зинекен.
Олимпиада барысында оқушылар STEM бағытындағы білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, инженерлік дағдылары мен командада жұмыс істеу шеберліктерін көрсетті.
Осылайша, Ұлытау облысының екі командасы халықаралық кезеңге қатысу құқығына ие болды.
Халықаралық финал 21-22 қараша күндері Астана қаласында өтеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









