Саяқ кентінің тұрғындарымен кездесу өтті

    1 / 3

    Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлының Саяқ кентіне жұмыс сапары аясында жергілікті тұрғындармен кездесуі өтті. Кездесу барысында елді мекеннің өзекті мәселелері, атқарылған жұмыстардың қорытындылары және алдағы даму жоспарлары талқыланды.

    Кездесу барысында қала әкімі қала мен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асырылған жобалар, абаттандыру, инфрақұрылым және халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

    Сондай-ақ Саяқ кентінің әкімі Нариман Бейсенғазыұлы баяндама жасап, елді мекендегі қазіргі жағдай, атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта назар аударуды қажет ететін мәселелер жөнінде ақпарат берді.

    Кездесудің негізгі бөлігі ашық диалог форматында өтті. Тұрғындар елді мекеннің күнделікті тыныс-тіршілігіне, инфрақұрылымның жағдайына, коммуналдық қызметтердің сапасына және басқа да өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер мен жауаптар берілді.

    Кездесуден кейін қала әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін қарастырды. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, қажетті шаралар қабылдау міндеттелді.

    Тұрғындармен тұрақты байланыс орнату, олардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алу және көтерілген мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар