«Бос орындар жәрмеңкесі»

    1 / 3

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Жамбыл облыстық әкімдігі және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында, алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында «Талас ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» Сарысу ауданы бойынша Мансап орталығымен бірлесіп, 2026 жылдың қараша айында «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізді.

    Жәрмеңкеге Сарысу ауданы аумағында орналасқан «Жас су-жылу» КМК, Абай атындағы орта мектеп, Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы, Абылайхан атындағы орта мектеп, Сарысу ауданы орталық ауруханасы жұмыс беруші ретінде қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Әділет департаменті" жаңалықтары