Жамбыл облысында облыстық, қалалық және аудандық мәслихат аппараттарының басшылары мен жауапты мамандарына арналған «Электронды мәслихаттар» бірыңғай ақпараттық жүйесі бойынша оқыту семинары өтті.
Іс-шараны облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының бастамасымен Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы ұйымдастырды.
Семинарды орталық басшысының орынбасары Зарина Нұрғали және «Центр электронной коммерции» ЖШС өкілдері өткізді. Олардың қатарында жоба жетекшісі Зарина Закирьянова, аналитиктер Лаура Дүйсенова мен Ақбота Болатова бар.
Оқыту барысында қатысушылар жүйенің жұмыс істеу тәртібін, оның тиімділігі мен қолайлылығын талқылады. Сондай-ақ ақпараттық жүйені енгізу кезінде туындауы мүмкін тәуекелдер мен оларды шешу жолдары қарастырылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






