«АДАМ СТАЦИОНАРДА БОЛҒАНДА, МӘС-ТЕН ӨТУГЕ БОЛА МА?»
ИӘ! Стационарлық емделу МӘС-тен өтуге кедергі болып табылмайды.
МӘС ҚАЛАЙ ӨТКІЗІЛЕДІ?
Адамның немесе оның заңды өкілінің келісімімен көзбе-көз куәландыру тікелей стационарда өткізілуі мүмкін.
ЕГЕР АДАМ КЕЛЕ АЛМАСА
Егер адам тасымалданбайтын болса және/немесе қызмет көрсетілетін аймақтан тыс жердегі стационарда емделіп жатса, МӘС сырттай — ДКК (Дәрігерлік-консультациялық комиссия) ұсынысы мен № 031/у нысаны негізінде өткізіледі.
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Емдеуші дәрігерге және дәрігерлік-консультациялық комиссияға (ДКК) жүгініңіз. ДКК МӘС-ке жолдама беру мүмкіндігі мен нысанын анықтайды және қажетті медициналық құжаттарды ресімдейді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









