Медициналық газдарды міндетті мемлекеттік тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің 2026 жылғы 13 қарашадағы № 25-02-25/294-И хатына сәйкес төмендегіні мәлімдейді.

    2026 жылғы 7 шілдедегі № 334-VIII ҚРЗ «Әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2027 жылғы 7 шілдеден бастап дәрілік заттарға жататын медициналық газдарды міндетті мемлекеттік тіркеу көзделген.

    Аталған өзгерістер күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында медициналық газдардың айналымы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

    Атап айтқанда, дәрілік заттар болып табылатын медициналық газдарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер фармацевтикалық қызметке, оның ішінде дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуге арналған тиісті кіші қызмет түрі бойынша лицензияға ие болуы қажет.

    Заңнаманың жаңа талаптарын енгізуге уақтылы дайындалу және медициналық ұйымдарды медициналық газдармен қамтамасыз етуде іркілістерге жол бермеу мақсатында:

    Медициналық газдарды сатып алуды жоспарлау және оларды жеткізуге шарттар жасасу кезінде тиісті өнімнің мемлекеттік тіркеуден өткенін, сондай-ақ жеткізушілерде дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуге арналған қажетті рұқсат құжаттарының болуын ескеру.

    Письмо по мед.газу.docx

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ" жаңалықтары