Көлік вице-министрі ТалғатЛастаев пенШығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарыБақытжан Баяхметов салынып жатқанЗайсанжәнеКатонқарағай әуежайларынабарды.
Зайсанәуежайында ұшу-қону жолағының,перронның,рульдеу жолының,кірме жолдардыңжәне негізгі инженерлік желілердің құрылысы,сондай-ақ жарық-сигналдық жәнерадионавигациялық жабдықтарды орнатужұмыстары аяқталды.Қазіргі уақыттаәуежайинфрақұрылымы нысандарының ғимараттарындаәрлеу жұмыстары,жабдықтарды монтаждау жәнеіске қосу-баптау жұмыстары жалғасуда.
Жобаны іске асырудың қорытындыкезеңдерінің бірі–Қазақстанның авиациялықәкімшілігі жүргізіп жатқанЗайсанаэродромынсертификаттау рәсімінің басталуы.
Катонқарағай әуежайындадаұшу-қонужолағының,перронның,рульдеу жолының жәнеблокты-модульдік қазандықтың құрылысы,сондай-ақ республикалық маңызыбар автомобильжолынкөшіру жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта инженерлік желілердітарту,тазарту құрылыстарынсалу, әуежайинфрақұрылымы нысандарының ғимараттарынәрлеу және аэронавигациялық жабдықтардымонтаждау жұмыстары жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









