ТҮРКІСТАН: ШӘМШІ ӘНДЕРІ ӘУЕЛЕДІ

    1 / 4
    Шымкент қаласында қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын ұлықтауға арналған «Ән аға – Жан аға» атты концерттік кеш өтті.
    Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұйымдастырған өнер кешінің мақсаты – компазитордың таңдаулы әндерімен қатар бұрын-соңды сахнада орындалмаған туындыларын көрерменге таныстыру.
    Әуезді ән мен ұлттық өнердің үндестігін айшықтаған кеш Сүгір атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Алаш» вокалды-аспаптар ансамблі және «Тұмар» фольклорлық ансамблінің, скрипкашылар оркестрінің сүйемелдеуімен өрбіді.
    Концерттің көркін еселеген өнер майталмандары қатарында Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Наркенже Серікбаева, халықаралық байқаулардың жеңімпазы «Сарын» тобы, республикалық байқаулардың жүлдегерлері мен филармонияның танымал әншілері мен «Фараб», «Ғасыр» би ансамбльдері өнер көрсетті.
    Кештің басты ерекшелігі – көрерменнің Шәмші әндерін тыңдап қана қоймай, әр шығарманың мазмұнын ашатын ерекше сахналық қойылымдарды тамашалауында болды.
    Сондай-ақ бұрын-соңды көпшілікке ұсынылмаған «Бір әнім», «Ерлердің Отаны» сынды тың туындылардың және композитордың әнінің шет тілінде орындалауы кештің тарихи әрі тағылымдық маңызын арттыра түсті.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары