Метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өтті

    1 / 3

    2026 жылғы 13 қарашада бейнеконференция форматында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссиясының отырысы өтті. Отырысты ҚР СИМ ТРМК Төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов басқарды.

    Отырысқа ТРМК, «ҚазСтандарт» РМК, «ҰАО» РМК, «ҰлтССО» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, ҚР СИМ Қоғамдық кеңесінің және өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

    Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды:

    Электр зарядтау станциялары. ЭЗС-ты метрологиялық қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Оларға қойылатын талаптар 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. «ҚазСтандарт» «Атамекен» ҚР ҰКП-мен және операторлармен бірлесіп ЭЗС-ты салыстырып тексеру әдістемелеріне арналған ұлттық стандарттарды апробациялайды.

    Жаңа мемлекеттік эталон. Хроматография және гравиметрия әдістері негізінде органикалық компоненттердің массалық (молярлық) үлесі мен концентрациясының мемлекеттік эталонын жасауға арналған техникалық тапсырма бекітілді. Эталон «ҚазСтандарттың» Шығыс Қазақстан филиалы базасында әзірленеді. Ол органикалық заттарды өлшеудің қадағаланушылығын қамтамасыз етеді және тағам мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауға арналған стандартты үлгілердің отандық өндірісін дамытуға мүмкіндік береді.

    Ұзындықтың мемлекеттік екінші реттік эталоны. Эталонның жай-күйі қаралды. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалға қосымша талдау жүргізу және нәтижелерін келесі отырыста ұсыну тапсырылды.

    Салыстырып тексеру аралығы. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның басқару және апаттық қорғау жүйелері үшін салыстырып тексеру аралығын ұлғайту туралы ұсынысы қаралды. Есептер қосымша пысықталғаннан кейін мәселе келесі отырысқа шығарылады.

    Комиссияның жұмысы ұлттық эталондық базаны дамытуға және Қазақстанда өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі" жаңалықтары