Жезқазғанда полиция қызметкерлері Сарыарқа көшесінде капоты ашық күйде қозғалған автокөлік жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушылық бейнежазбасы әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бейнежазбада ВАЗ-21010 маркалы автокөлік тіркелген. Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, көлікті арнайы тұраққа қойды.
Жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай әрекеттердің жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретіні ескертілді.
Полиция жүргізушілерді жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









