13–14 қараша күндері Өскемен қаласында облыстық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Шемонаиха ауданының іс-шаралары өтеді.
13 ҚАРАША
Бағдарламада:
9:30 - Отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері бойынша форум (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ).
10:00 - Педагогтерге арналған инклюзивті білім беру мәселелері бойынша семинар (С. Аманжолов атындағы ШҚУ, бас ғимарат).
10:00 - Кітапхана саласының мамандарына арналған семинар (Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы).
11:00 - Аудан әкімінің жастармен кездесуі және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
12:00 - Педагогтерге арналған оқушылардың кәсіби бағдарлануы және цифрлық технологияларды қолдану мәселелері бойынша семинар.
13:00 - Педагогтер мен мамандарға арналған оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша семинар (С. Аманжолов атындағы ШҚУ, бас ғимарат).
14:00 - Аға буын өкілдерімен белсенді ұзақ өмір сүру мәселелері бойынша кездесу (Облыстық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы).
17:00 - Көрме экспозициясында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері, ауыл шаруашылығы жетістіктері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары, «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын іске асыру, «Заң мен тәртіп» қағидаты және жасанды интеллектіні дамыту бағыттары бойынша материалдар көрмесі.
18:00 - Ауданның шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама.
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы (Протозанов көшесі, 43).
14 ҚАРАША
8:00 - Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері жәрмеңкесі және концерттік бағдарлама.
Өтетін орны: «Алтай» көтерме-тарату орталығының алаңы, Өскемен қаласы.
Іс-шаралар мәдени дәстүрлерді сақтауға, қоғамдық құндылықтарды нығайтуға, Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық және шығармашылық әлеуетін таныстыруға бағытталған.
Қала тұрғындары мен қонақтарын іс-шараларға қатысуға шақырамыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









