Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 718 «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына өнімнің өмірлік циклі сатыларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау және «Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы(бұдан әрі – қаулы жобасы)Министрліктің ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Қаулы жобасы «Көмірге және оны қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің(ҚР ӨҚМ2025 жылғы 11 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген, 2026 жылғы наурызда күшіне енген), «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің(ҚР ДСМ 2024 жылғы 31 қазандағы № 761 бұйрығымен бекітілген)және «Жоғары вольтты жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің(ҚР ӨҚМ 2025 жылғы 7 қарашадағы № 481 бұйрығымен бекітілген)күшіне енуіне байланысты әзірленді.
Жоба 2026 жылдың 29 қазаннан бастап 2026 жылдың 13 қарашасына дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында талқылауға қолжетімді.
Барлық мүдделі тұлғаларды талқылауға қатысуға шақырамыз: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15934595
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






