Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерге Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

    1 / 2

    2026 жылғы 13қарашасыДепартаменттің Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкермен түсіндіружұмыстары жүргізілді.

    Іс-шараның басты мақсаты — жас мамандардың қызметтік ортаға тез бейімделуіне қолдау көрсету, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптарды жеткізу және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

    Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкілСалтанат Талғатқызы СкаковаҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негізгі қағидаттарына — адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану талаптарына жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар қызметкерге мынадай өзекті мәселелер бойынша нақты түсіндірмелер берілді:

    • қызметтік міндеттерді атқару кезінде және жұмыстан тыс уақытта мінез-құлық стандарттарын сақтау;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыйлықтар алуға және құмар ойындарға қатысуға тыйым салу;
    • мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тәртібі;
    • әлеуметтік желілерде ақпарат жариялау кезіндегі әдеп нормалары.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" жаңалықтары