МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

    Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарларға тапсырыс беру және оларды алу кезінде алаяқтық жағдайларының орын алып отырғанын ескертеді.

    Алаяқтар қалай әрекет етеді?

    1. Мүгедектігі бар азаматтарға телефон шалып, өздерін жеткізуші ретінде таныстырады және азамат тапсырыс бермеген тауарды жеткізу керектігін хабарлайды.

    2. Тауардың тек бір бөлігін ғана жеткізеді немесе мүлдем тапсырыс берілмеген тауарды әкеледі.

    3. Тапсырысты аяқтау сылтауымен ЭЦҚ беруді, SMS-кодты айтуды немесе жеке куәлікті ұсынуды сұрайды (құжатты суретке түсіреді).

    4. Қажетті мәліметтерді алғаннан кейін азаматтың атынан оңалту құралдарына өз бетінше тапсырыс рәсімдеп, тауар іс жүзінде жеткізілмесе немесе толық көлемде берілмесе де, тапсырыстың орындалғаны туралы белгі қояды.

    Нәтижесінде алаяқтар мемлекеттен іс жүзінде жеткізілмеген тауарлар үшін заңсыз төлем алады, ал мүгедектігі бар азаматтар өздеріне тиесілі оңалту құралдарынан қағылады.

    МАҢЫЗДЫ! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар:

    - Бейтаныс адамдарға жеке куәлігіңізді суретке түсіру немесе көшірмесін жасау үшін бермеңіз.

    - Телефоныңызға келетін SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз.

    - ЭЦҚ-ңызды және оған қол жеткізу мүмкіндігін үшінші тұлғаларға бермеңіз.

    - Тауар нақты жеткізілмесе немесе толық көлемде берілмесе, оның алынғанын растамаңыз.

    - Жеткізілген тауардың рәсімделген тапсырысқа сәйкестігін міндетті түрде тексеріңіз.

    Естеріңізде болсын! SMS-код, ЭЦҚ және жеке куәлік деректері — сіздің жеке мәліметтеріңіз және сіздің атыңыздан әрекеттерді растау құралы.

    Сақ болыңыздар! Алаяқтардың сенімдеріңізді теріс пайдаланып, сіздерге тиесілі әлеуметтік қолдау шараларынан айыруына жол бермеңіздер.

    Осы ақпаратты жақындарыңызбен және таныстарыңызбен бөлісіңіздер. Ақпараттандыру — алаяқтықтың алдын алудың маңызды жолы!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары