Өкілдік тарапынан Алматы қаласы Білім басқармасының қарамағындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мемлекеттік білім беру мекемесі – «№10 жалпы білім беретін мектеп-интернат» КММ-не профилактикалық бару жүргізілді.

    1 / 3

    Өкілдік тарапынан Алматы қаласы Білім басқармасының қарамағындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мемлекеттік білім беру мекемесі – «№10 жалпы білім беретін мектеп-интернат» КММ-не профилактикалық бару жүргізілді.

    Бару барысында тәрбиеленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, олардың тұру және білім алу жағдайларына, көрсетілетін әлеуметтік және медициналық қызметтердің сапасына, тамақтандырудың ұйымдастырылуына, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

    Бару қорытындысы бойынша мекеме басшылығына балалардың құқықтарының ықтимал бұзылуының алдын алуға, анықталған кемшіліктерді жоюға, сондай-ақ олардың тұру, тәрбиелену және білім алу жағдайларын одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар берілді.

    Әрбір баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лайықты өмір сүру жағдайларын жасау және жан-жақты дамуына мүмкіндік беру – сөзсіз басымдық болып қала беруі тиіс. Өйткені балаларға қамқорлық жасау – қоғамымыз бен еліміздің болашағына қамқорлық жасау.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары