Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 2 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де ата-аналармен, заңды өкілдермен және педагогтермен кездесу өткізілді. Кездесу аясында «Құқықтар, міндеттер және жауапкершілік» тақырыбында құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған дәріс ұйымдастырылды

    1 / 2

    Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 2 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де ата-аналармен, заңды өкілдермен және педагогтермен кездесу өткізілді. Кездесу аясында «Құқықтар, міндеттер және жауапкершілік» тақырыбында құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған дәріс ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, ата-аналар мен заңды өкілдердің, сондай-ақ педагогтердің құқықтары мен міндеттері және өз міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда туындайтын жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Әсіресе, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Қатысушыларға ата-аналардың, заңды өкілдердің және педагогтердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін реттейтін қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, балалардың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етуге қатысты күнделікті өмірде кездесетін мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

    Осындай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, ата-аналық және кәсіби міндеттерге жауапкершілікпен қарауға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары