Атқарушылық іс жүргізу атқарушылық құжаттың сот орындаушысына келіп түсуінен басталады.
Қажетті құжаттар тексерілгеннен кейін атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарылады. Борышкерге берешек сомасы және атқарушылық құжаттың талаптарын орындау қажеттілігі көрсетілген тиісті хабарлама жолданады.
Хабарламаны алғаннан кейін борышкер оның мазмұнымен мұқият танысып, өз міндеттемелерін орындау үшін тиісті шаралар қабылдауы қажет.
Алайда қалыптасқан жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігін барлық борышкерлер біле бермейді. Кейде қаржылық қиындықтарын шешуге тырысып, олар оңай табыс табу туралы күмәнді ұсыныстарға сеніп, алаяқтық схемалардың қатысушыларына айналып жатады.
Мұндай жағдайда жауапкершіліктен жалтармай, сот орындаушысына уақытылы жүгіну маңызды.
Қабылдау барысында сот орындаушысы борышкерді тыңдап, істің мән-жайын зерделейді, оның құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ атқарушылық құжаттың талаптарын орындамаудың салдарын түсіндіреді.
Заңнама аясында міндеттемелерді орындау және берешекті реттеу бойынша ықтимал шаралар қарастырылады.
Борышкерге міндеттемелерді орындау тәртібі, сондай-ақ өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараудың қажеттілігі түсіндіріледі.
Келесі қадам — жеке бюджетті жоспарлау, заңды табыс көздерін іздеу және берешекті өтеу бойынша нақты шаралар қабылдау.
Тіпті алғашқы төлемнің өзі мәселені шешу жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Жауапкершілікпен қарау және заңнама талаптарын сақтау арқылы борышкер біртіндеп өз міндеттемелерін толық орындауға қол жеткізе алады.
Ең бастысы — хабарламаларды елемеу, күмәнді ұсыныстарға сенбеу және білікті көмекке уақытылы жүгіну.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:
Банк картаңызды үшінші тұлғаларға бермеңіз.
Оңай табыс табу туралы уәделерге сенбеңіз.
Өз міндеттемелеріңізді орындаудан жалтармаңыз.
Өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді біліңіз.
Атқарушылық іс жүргізу — бұл заң талаптарын орындау ғана емес, туындаған мәселені шешудің заңды жолын табу мүмкіндігі.
Жауапкершілік, заңдылық және уақытылы әрекет ету — оң нәтижеге қол жеткізудің кепілі!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









