Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігі РММ «№11 мекемесінің» қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне арналған сотталғандармен қарым-қатынас жасаудың халықаралық стандарттарына, оның ішінде Нельсон Мандела қағидаларына арналған іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында мүгедектігі бар сотталған адамдармен өзара қарым-қатынас жасау әдебі, олардың құқықтарын сақтау және адами қадір-қасиетін құрметтеу мәселелері қарастырылды.
Іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сотталған адамдарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қолжетімді және кемсітусіз ортаны қамтамасыз етуге бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








