Шығыс Қазақстан облысының фермерлері мен тауар өндірушілері Алматыға 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жеткізеді. Өңірлік жәрмеңке 14–15 қараша күндері Шевченко көшесінің бойында Пушкин және Қонаев көшелері аралығында өтеді.
Қала тұрғындары ет және ет өнімдерін, сүт және балық өнімдерін, бал, күнбағыс майын, шұжық өнімдерін, шай мен самырсын жаңғағын сатып ала алады.
Тауарлардың бағасы нарықтағы орташа бағадан 8-15%-ға төмен болады. Шығыс Қазақстан облысының фермерлері мен өндірушілері өнімін тікелей ұсынады.
Мұндай жәрмеңкелер Алматы тұрғындарын қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге, отандық тауар өндірушілерді қолдауға және ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз тікелей жеткізуді дамытуға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









