«Ауыл еңбеккерлеріне бас иеміз»

    12-қараша күні Федоров аудандық орталық кітапханасында ауыл
    шаруашылығы, тағам және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған
    «Ауыл еңбеккерлеріне бас иеміз» кеш-кездесуі ұйымдастырылды.
    Құрметті қонақтар ретінде «Пфунт» ШҚ жетекшісі Т.Я. Пфунт және
    ФАШК өндірістік оқыту шебері В.С. Ярошевич шақырылды. Сондай-ақ
    Федоров ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері қатысты.
    Қонақтармен болған әңгіме барысында жастар олардың мамандық
    таңдауына не түрткі болғанын, жұмыстың ерекшелігін, қандай
    қиындықтармен бетпе-бет келетіндетінін және олардың ауыр еңбегіндегі
    мотивация не екенін білді. Сонымен қатар іс-шара барысында қатысушылар
    тақырыптық викторинаға қатысты.
    Кездесу естелігі ретінде Татьяна Яновна мен Виктор Сергеевичке
    естелік сыйлықтар табысталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Федоров ауданының әкімдігі" жаңалықтары