Федоров ауданының әкімдігі

    Әкімшілік туралы

    "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімнің және жергілікті мемлекеттік басқарудың қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Құрметті азаматтар мен коммерциалық емес ұйымдардың өкілдері!

    Федоров ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды конкурстық іріктеуді жариялайды. Конкурс өткізу мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні. Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы: 11 адам, оның ішінде 3 мемлекеттік органдардың өкілдері, 8 азаматтық қоғам өкілдері. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Федоров ауданы шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға; 2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға; 3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Сол бір адам қатарынан екі реттен артық Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алмайды. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды береді: 1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін; 2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтерді; 3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтаманы; 4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтаманы; 5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат 3) және 4) тармақшаларда көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады. Құжаттар Федоровка ауылы, Красноармейская көшесі, 53-үй, 28-кабинет, телефондары: 22211, 21805, пошталық индексі 111900 мекенжайы бойынша ұсынылады немесе [email protected] электрондық мекенжайына жіберіледі. Аталған құжаттар 2024 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 13 қаңтарға дейін қоса алғанда 18.00-ге дейін жазбаша нысанда қабылданады. «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ жұмыс тәртібі: сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндері. Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде: 1) Заңның 10-бабы 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе; 2) Заңның 10-бабы 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса; 3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

    30 желтоқсан 2024 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы

    Елімізде Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың қолдауымен 2024 жылғы 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында "Таза Қазақстан"республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "адал адам – адал еңбек – адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. "Таза өлке" 13 сәуірге дейін өткізілген бірінші апта - бір апта ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды жинады. "Киелі мекен" деп аталатын 20 сәуірге дейінгі апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған. 27 сәуірге дейін "Жасыл аймақ" тақырыбындағы апта ағаш көшеттерін отырғызумен, екпелерді ақтаумен атап өтіледі. 4 мамырға дейінгі "Өнегелі ұрпақ" кезеңі ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналған. Соңғы, бесінші аптада" Мөлдір бұлақ " деп аталатын су айдындары (өзендер мен көлдер) мен жағалау аумақтары тазартылады. "Таза Қазақстан" республикалық акциясына қосылуға шақырамыз. Бірігіп, қаламызды таза етейік!

    5 шілде 2024 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша?

    Жауап

    "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (Өткен тоқсандағы отбасының бір мүшесіне-22792 теңге). Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша тұрақты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжатпен жүгіну немесе "электрондық үкіметтің"E-gov веб-порталы арқылы жүгіну қажет. Жүгінген кезде сізге толық консультация беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) туралы мәселе қаралатын болады.

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесін беру?

    Жауап

    Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының сайтында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 1) конкурсқа қатысуға өтінім; 2) конкурстық ұсыныс; Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді. Конкурс жеңімпазы бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағаланады. Баяндалғанға байланысты, облыстың аудандарының, қалаларының жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер беру жөніндегі конкурсты жариялағаннан кейін әрбір жеке не заңды тұлға оған қатысуға құқылы.

    Сұрақ

    Тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге кезекке қою үшін сізге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беру қажет. www.egov.kz, санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарды қоса беру. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйге жататын Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының пайдалануына беріледі.: Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; 1-1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар; 2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына; 3) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға беріледі; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабына сәйкес осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер тұрғын үйге мұқтаж деп танылса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады: 1) есепке қою кезінде және тұрғын үйді беру сәтінде коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан олардың Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;; 2) есепке қою кезінде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру сәтінде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;; 3) Алып тасталды-ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 4) өздері тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;; 5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрады; 6) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған кезде шығарылады.

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарын беруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға өтініш береді. ҚР Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Жер учаскелерін беру кезектілік тәртібімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдардың дайындалуына қарай жүзеге асырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезектен тыс және жеңілдікпен беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделмеген.

    Ақпарат

    Пешковка ауылы тұрғынының өтініші шешілді

    Федоров ауданы әкімінің аппаратына аумақтарды абаттандыру мәселелері бойынша азаматтардан 178 өтініш түсті. Оның 149-ы оң шешімін тапты, бұл жалпы өтініштердің 83,7%-ын құрайды. Азаматтың оң шешімін тапқан өтініші: МЫСАЛ: Пешковка ауылының тұрғыны жүк көліктері өткеннен кейін жолдарды ретке келтіру (грейдерлеу) мәселесі бойынша өтініш білдірді. МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІ: Жолды абаттандыру және грейдерлеу жұмыстары жүргізілді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Федоров ауданының учаскелік сайлау комисссияларының хабарламасы

    Федоровауданының учаскелік сайлау комисссияларының хабарламасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 38-бабының 2-тармағына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушыларды мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге шақырады, сайлау 2026 жылғы 29 қарашада сағат 07.00-ден сағат 20.00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша сайлау учаскелерінің үй жайында өтеді: № 791 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Федоров ауылы, Шевченкокөшесі, 57, Ы. Алтынсарин ат. мектеп ғимараты, телефон: 21058. № 792 сайлау учаскесі Орналасқан жері:Федоров ауылы, Гоголькөшесі, 15, мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 21003. № 793 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Федоров ауылы, Мелеховкөшесі, 48, балалар кітапханасыныңғимараты, телефон: 21684. № 794 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Федоров ауылы, Первомайскаякөшесі, 59, М. Мәметова ат. мектеп ғимараты, телефон: 21229. № 796 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Баннов ауылы, Гагаринкөшесі, 10, мектеп ғимараты, телефон: 99118. № 797 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Каракопа ауылы, Им Кобецкөшесі, 4/1, мектеп ғимараты, телефон: 33903. № 798 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Цабелев ауылы, Центральныйкөшесі, 36, медициналық пункттың ғимараты, телефон: 34424. № 799 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Придорожное ауылы, Целинниковкөшесі,3, мектеп ғимараты, телефон: 94294. № 800 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Успенов ауылы, Атамекенкөшесі,1, мектеп ғимараты, телефон: 97153. № 804 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Владыкинка ауылы, Школьныйкөшесі,10, мектеп ғимараты, телефон: 32494. № 805 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Александрополь ауылы, Школьныйкөшесі,4, мектеп ғимараты, телефон: 33166. № 806 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Копыченка ауылы, Школьныйкөшесі,18, мектеп ғимараты, телефон: 33165. № 807 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Жаркөл ауылы, Школьнаякөшесі, 6, ауыл шаруашылығы колледжінің ғимараты, телефон: 24053. № 810 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Пешковка ауылы, Ленинкөшесі, 5, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ғимараты, телефон:93463. № 811 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Пешковка ауылы, Ленинкөшесі, 104А, клуб ғимараты, телефон: 93386. № 812 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Калиновка ауылы, Центральныйкөшесі,14, бұрынғы мектеп ғимараты, телефон: 33319. № 813 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Большое ауылы, Ленинкөшесі, 21, бұрынғы мектеп ғимараты, телефон: 33338. № 814 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Кравцово ауылы, Шокан Валихановкөшесі, 2А, мектеп ғимараты, телефон: 33137. № 816 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Первомай ауылы, Дальневосточныйкөшесі, 52, клубғимараты, телефон: 93737. № 817 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Трактовый ауылы, Школьнаякөшесі, 14, бұрынғы мектеп ғимараты, телефон: 32267. № 818 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Лесной ауылы, Г. Кравченкокөшесі, 19, клуб ғимараты, телефон: 32381. № 820 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Малороссийка ауылы, Школьныйкөшесі, 1, бұрынғы мектеп ғимараты, телефон: 32557. № 823 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Федоров ауылы, Набережнаякөшесі, 65, білім бөлімінің ғимараты, телефон: 21978. № 824 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Белояров ауылы, Победакөшесі, 46, «Олжа Алтын-Инвест» ЖШС кеңсесінің ғимараты, телефон:87145921513. № 826 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Вишневый ауылы, Достықкөшесі, 3, клуб ғимараты, телефон: 96363. № 828 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Ленин ауылы, Пришкольныйкөшесі, 1, мектеп ғимараты, телефон: 91223. № 829 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Жанахай ауылы, Центральнаякөшесі, 15, клуб ғимараты, телефон: 32305. № 832 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Мирное ауылы, Школьныйкөшесі, 14, мектеп ғимараты, телефон: 33673. № 834 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Курск ауылы, Степнойкөшесі, 6, бұрынғы мектеп ғимараты, телефон: 33358. № 836 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Чистый Чандақ ауылы, Пионерскийкөшесі, 3, клуб ғимараты, телефон: 33837. № 837 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Алабутала ауылы, Центральныйкөшесі, 7, клуб ғимараты, телефон: 32314. № 841 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Жыланды ауылы, Оспанов Мұсабеккөшесі, 14, бұрынғы мектеп ғимараты, телефон: 87051432168. № 842 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Кеңарал ауылы, Гагаринкөшесі, 11, мектеп ғимараты, телефон: 95702. № 843 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Запасное ауылы, Набережныйкөшесі, 8, "Гранд" ЖШС кеңсесінің ғимараты, телефон: 34278. № 844 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Новошумный ауылы, Ө. Оспановкөшесі, 21, мектеп ғимараты, телефон: 94745. № 846 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Федоров ауылы, Фрунзекөшесі, 17, Абай ат. мектеп ғимараты, телефон: 21453. № 847 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Костряковка ауылы, Абайкөшесі, 31, мектеп ғимараты, телефон: 96741. Естеріңізге сала кетейік, өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған, Қостанай облысы Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайлау комиссияларының құрамы, олардың орналасқан жері туралы хабарламасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Федоров ауданы әкімінің хабарламасы

    Жарияланды:
    Қаулы

    ҚАУЛЫ Федоров ауданының Первомай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

    Жарияланды: