Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру?

    ·
    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарын беруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

    ҚР Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады.

    Жер учаскелерін беру кезектілік тәртібімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдардың дайындалуына қарай жүзеге асырылады.

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезектен тыс және жеңілдікпен беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделмеген.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша?

    Жауап

    "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азам...

    ·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесін беру?

    Жауап

    Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-са...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге кезекке қою үшін сізге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беру қажет. www.egov.kz, санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарды қоса беру. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергі...

    ·