1 / 4
2026 жылғы 11 қарашада Самар ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес екі мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Самар ауданы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету және сумен жабдықтау қызметтерінің жай-күйі туралы есеп тыңдалды. Талқылау барысында су құбырлары желілерінің жағдайы, халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселелері қозғалды.
Екінші мәселе бойынша «Самар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы мәслихат шешімінің жобасы талқыланды.
Кеңес мүшелері қаралған мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







