«Eqyzmet.gov.kz» порталында «Түлектерге арналған бос жұмыс орындары» бөлімі құрылды.

    Құрметті түлектер!

    Жоғары оқу орындарын жоғары академиялық нәтижелермен аяқтаған түлектерге «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігі беріледі.

    Аталған мүмкіндік Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28-бабы 6-тармағының 5) тармақшасында көзделген және аудандық, ауылдық деңгейлердегі басшылық лауазымдарға жатпайтын мемлекеттік лауазымдарға қатысты қолданылады.

    Осы мүмкіндікті іске асыру және бос мемлекеттік лауазымдар туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Eqyzmet.gov.kz» интернет-порталында «Түлектерге арналған бос жұмыс орындары» арнайы бөлімін ашты.

    Осыған орай, жоғары оқу орындарын жоғары академиялық нәтижелермен аяқтаған түлектерді аталған бөлімде орналастырылған бос жұмыс орындарымен танысуға және мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз!

    Толық ақпарат:
    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/graduate/vacanci

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихаты" жаңалықтары