Таразда «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру барысы талқыланды.

    1 / 3

    Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған жиын өтті.

    Жиынға қала аумағындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері сараланып, саладағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

    Атап айтқанда, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға себеп болатын факторларды анықтау және олардың алдын алу шараларын жүйелі түрде күшейту мәселелеріне баса назар аударылды.

    Жиын қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жұмыстардың негізгі басымдықтары айқындалды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары