БАЛА ТӘРБИЕСІ – ОТБАСЫ, МЕКТЕП ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    1 / 3

    Байзақ ауданында «Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік: отбасы, мектеп, қоғам» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті.

    Форумның негізгі мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасы, мектеп және қоғамның өзара байланысын нығайту, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.

    Форумды Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Эльмира Мырза-Ғали ашып, бала құқықтарын қорғау, отбасы құндылықтарын нығайту және ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.

    Бұдан кейін Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы Құралай Өскембекова сөз сөйлеп, бала бойына рухани құндылықтарды сіңіруде отбасының рөліне, ата-ана мен мектеп арасындағы байланыстың маңызына назар аударды.

    Ал аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы Исағали Сәлімбаев отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ сабақтастығы жөніндегі ой-пікірін ортаға салды.

    Жиында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері де кеңінен қозғалды. Бұл бағытта Байзақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Мейрбеков баяндама жасады.

    Сонымен қатар Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі Жәудір Зәкірқызы жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу және ата-аналардың бала саулығына деген жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.

    Форум соңында аудан әкімінің орынбасары Рүстем
    Қасымов қорытынды сөз сөйлеп, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқарудың маңыздылығын атап өтті.

    Айта кетейік, бала тәрбиесі – тек отбасының ғана емес, мектеп пен тұтас қоғамның ортақ міндеті. Өйткені әр баланың қауіпсіз ортада өсіп, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуы – баршамызға жүктелген жауапкершілік.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары