Объектіге барып өткізілген мастер-класс

    1 / 3

    «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігі туралы декларация» тақырыбында объектіге барып өткізілген мастер-класс.

    Департамент тарапынан Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы «Үштобе вокзалы» нысаны бойынша өтініш қаралып, қолжетімділігі қаралды.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы А.Рамазанов және аталған бөлімнің бас маманы Д.Низяов, тапсырыс беруші және мердігер ұйымның өкілдері қатысты.

    Мамандар нысанға іргелес аумаққа, нысанға кіреберіс жолдар мен қозғалыс бағыттарына, кіреберіс тобына, ғимарат ішіндегі қозғалыс маршруттарына, санитариялық бөлмелерге, сондай-ақ билеь кассасы аймақтарына назар аударды. Әсіресе, бүкіл қозғалыс бағыты бойынша адамдардың өздігінен, ыңғайлы әрі қауіпсіз жүріп-тұру мүмкіндігіне ерекше көңіл бөлінді.

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі қолданысқа енгізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары