Ұлытау облысының Әділет департаменті

    Ұлытау облысының Әділет департаменті

    Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексін әзірлеу мәселесіне арналған жарияланған мақалаға қатысты айтарымыз:

    Жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу – еліміздің құқықтық жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған маңызды бастама.

    Азаматтық заңнаманы жетілдіру азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге, меншік құқығының кепілдіктерін қамтамасыз етуге, шарттық қатынастардың тұрақтылығын нығайтуға және цифрлық экономиканың жаңа талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді.

    Заңгерлік тұрғыдан алғанда, жаңа Кодекстің басты міндеті – құқықтық айқындықты қамтамасыз ету, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігін сақтау және әрбір азаматтың заңды мүддесін тиімді қорғау.

    Заң үстемдігі, құқықтық тұрақтылық және азаматтардың құқықтарын қорғау – әділетті қоғамның берік негізі!

    #ҰлытауОблысы #ӘділетДепартаменті #АзаматтықКодекс #ҚұқықтықЖаңғыру #ЗаңҮстемдігі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары