Ауыл жастарымен, учаскелік инспектормен профилактикалық кездесу

    1 / 2

    Іс-шараның басты мақсаты өскелең ұрпақты құқықтық ақпараттандыру және жастарды құқыққа қарсы іс-әрекетке тартудың алдын алу болды.

    Әңгімелесу барысында учаскелік инспектор Сисенбаев Н.Д. қатысушыларға «дротерлік» ұғымын егжей-тегжейлі түсіндірді. Полиция қызметкерінің айтуынша, жастар оңай табыс табуды қалап, банк карталарын рәсімдеп, оларды үшінші тұлғаларға беруге келіседі. Инспектор мұндай әрекеттер алаяқтарға жәрдемдесу ретінде сараланып (төлем құралдарының заңсыз айналымы) қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.

    Интернет-алаяқтық тақырыбына ерекше назар аударылды. Учаскелік инспектор алдау схемаларының (фишинг, «қауіпсіз шоттар», сату туралы жалған хабарландырулар) нақты мысалдарын келтірді, олардың құрбандары көбінесе жасөспірімдер мен студенттер болады. Жастарға сандық гигиена ережелерін еске салды: күдікті сілтемелер арқылы өтпеу, СМС кодтарын хабарламау және желіде тез байыту туралы күмәнді ұсыныстарға сенбеу.

    Кездесу соңында учаскелік инспектор тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, жастарды заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын баса айтып, қырағы және заңға бағынышты болуға шақырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары