Цифрлық отбасы картасы дегеніміз не?

    Цифрлық отбасы картасы дегеніміз не?

    Цифрлық отбасы картасы (ЦОК) — отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтауға және олардың мемлекеттік қолдауға қажеттілігін бағалауға арналған заманауи құрал.

    Бұл жүйе мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде отбасының цифрлық бейінін қалыптастырады.

    Қандай мәліметтер ескеріледі?

    Отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау кезінде:

    · отбасының табысы мен қаржылық жағдайы;

    · отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы;

    · тұрғын үй жағдайы;

    · мүлкі мен активтері;

    · отбасы құрамы және балалардың болуы;

    · мүгедектігі бар адамдардың болуы және басқа да өмірлік жағдайлар ескеріледі.

    Бағалау нәтижесінде отбасылар әлеуметтік әл-ауқат деңгейіне қарай бес санатқа бөлінеді.

    Цифрлық отбасы картасының пайдасы қандай?

    Жүйенің басты мақсаты — мемлекеттік қолдауды азаматтарға уақтылы әрі нақты көрсету.

    Егер азаматтың белгілі бір мемлекеттік қолдау шарасын алуға құқығы болса, оған 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберілуі мүмкін.

    Азаматтың келісімі алынғаннан кейін тиісті мемлекеттік қызмет проактивті форматта рәсімделеді.

    Маңызды: Цифрлық отбасы картасы жәрдемақылар мен төлемдерді автоматты түрде тағайындамайды. Ол азаматтардың әлеуметтік қолдауға деген ықтимал қажеттілігін анықтауға көмектеседі.

    Цифрлық отбасы картасы — мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігін, атаулылығын және тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары