«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы

    1 / 2

    Қарағанды-Сұрыптау ст.КПБ-ның қызмет атқару вумағында ағымдағы жылдың қараша айының 10-мен 30-ы аралығында жаңа жыл мерекелері қарсаңында пиротехникалық өнімдердің заңсыз айналымының алдын алу мақсатында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
    Негізгі мақсаттары мен міндеттері:
    • Заңсыз сауданы анықтау: Сертификаты жоқ, рұқсат етілмеген немесе мерзімі өтіп кеткен пиротехникалық өнімдерді сату мен сақтау орындарын тексеру.
    • Алдын алу: Азаматтардың өмірі мен денсаулығын, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға пиротехника сату деректерінің жолын кесу.
    Жауапкершілік:
    Рұқсат етілмеген пиротехниканы заңсыз сату немесе тиым салынған жерлерде қолдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (мысалы, 196, 415, 436-баптар) сәйкес айыппұл салуға және тәркілеуге әкеп соғады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Босаға ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары