РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК!

    1 / 2

    Республика күніне орай 2015–2016 жылы туған балалар арасында шағын футболдан ашық біріншілік ұйымдастырылды.

    🏆 Жарыстың басты мақсаты – жас спортшылардың футболға деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, балалар арасында достық қарым-қатынасты нығайту және өскелең ұрпақтың спорттық шеберлігін дамыту.

    ⚽️ Жас футболшылар алаңда өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, командалық бірлігін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Әр ойын тартысқа толы болып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    👏 Барлық жас спортшыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, спортта үлкен жетістіктерге жете беріңіздер!

    Республика күні құтты болсын! Еліміздің көк туын биікте желбіретер жас спортшыларымыз көп болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Босаға ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары