ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ!

    1 / 2

    «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және «Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз!» республикалық акциясы аясында Қызылорда қаласындағы Б. Шалғынбаев атындағы №217 IT-мектеп-лицейінде профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
    Іс-шараға Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы полиция майоры Ерболат Айгерім және полиция аға инспекторы Рсымова Айгүл қатысты.
    Кездесу барысында 9–11 сынып оқушыларына кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғану жолдары мен қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді.
    Сонымен қатар оқушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен кездесуде жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын құрметтеудің маңыздылығы кеңінен айтылды.
    Іс-шара аясында «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде «Жастар – ел болашағы» тақырыбында ұйымдастырылған мектепішілік волейбол жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі де өтті. Жас спортшыларға марапаттар табысталып, олардың спорттағы жетістіктері атап өтілді.
    Мұндай профилактикалық кездесулердің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
    Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, ал тәртіпті сақтау – қауіпсіз болашақтың кепілі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары