2026 жылғы 10 қарашада Алтай ауданының Малеевский ауылдық округінде «Қыс - 2026» республикалық командалық-штабтық оқыту аясында қысқы кезеңге тән төтенше жағдайлар туындаған кезде азаматтық қорғаныстың басқару органдарының, күштері мен құралдарының іс-қимылдарын жаттықтыру үшін тактикалық - арнайы жаттығу өткізілуде.
Жаттығуларға мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен өзара әрекеттесетін қызметтердің өкілдері тартылды.
Жаттығудың негізгі мақсаты - қысқы кезеңде төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге күштер мен құралдардың дайындығын тексеру, қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру және ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша практикалық дағдыларды шынықтыру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









