Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Бастама аясында еліміздің барлық өңірінде жолдар, әуежайлар, вокзалдар, ауруханалар, оңалту орталықтары, спорт кешендері, кітапханалар мен ғылыми орталықтар салу және жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысына да басымдық беріледі. Президент бұл бастамалардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға және өскелең ұрпақтың игілігіне бағытталғанын атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









