1 / 4
Қала тұрғындарын қабылдау барысында А. Назарқұл қаланы одан әрі абаттандыру мақсатында субұрқақтар мен музей салу жөнінде ұсыныс білдірді. Сонымен қатар тұрғындар құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты сауалдарын қойды.
Қабылдау қорытындысы бойынша басқарма басшысы А. Назарқұлмен алдағы уақытта қалада субұрқақтар мен музей салу жобаларын әзірлеу барысында бірлесіп жұмыс жүргізу жөнінде келісімге келді.
Сондай-ақ құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу мәселелерін көтерген тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.









