«Сандостатин® дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу қағидаларын бекіту» туралы ҚР ДСМ2020жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1.«Сандостатин®вена ішіне және тері астына енгізуге арналған ерітінді 0,05мг/мл; 0,1мг/мл; 0,5мг/мл (ампула) 1мл×5 (картон қорапша)» ЛП-№008425-ГП-KZ, Новартис Фарма АГ, Швейцариядәрілік заттыңтіркеу куәлігі кері қайтарылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.

    3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

    1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

    2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететінорынбасарына жүктелсін.

    5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Сандостатин буйрык каз1002171706.docx

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ" жаңалықтары