Жетісуда жылыту маусымы штаттық режимде өтуде: жаңа қазандық іске қосылды

    1 / 6

    Жетісу облысында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы уақтылы басталып, штаттық режимде өтуде. Соның ішінде1 703 көпқабатты тұрғын үйге және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік салалардың 1 321 нысанына жылу энергиясы бекітілген кестеге сәйкес беріліп, жылу жүйелерінде температура режимі сақталуда. Сондай-ақөңірдегі қоймаларда қазіргі кезде 25,7 мың тонна көмір қоры бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, жылыту маусымына дайындық аясында2турбина,15қазандық,10км жылумен жабдықтау,55,6км сумен жабдықтау,585,3км электр желілері және187трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделді.

    «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Талдықорған қаласында 4,5 км жылу желілері жаңғыртылды.

    Бұдан басқа, Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында қуаты сағатына 49 Гкал болатын қазандық іске қосылды.

    Талдықорған және Текелі қалаларында жеке инвестициялар есебінен жалпы қуаты 118 Гкал/сағ. болатын газ турбиналық станциялар кезең-кезеңіменіске қосылуда.

    - Жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарда 300 мың тонна көмір және 7,3мың тонна мазут дайындау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.Бюджеттік ұйымдар үшін 15,1 мың тонна көмір және 10,2 млн литр сұйық отын сатып алынды. Жалпы, облыс халқының көмірге жалпы қажеттілігі - 375 мың тонна. Бүгінгі күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ деректері бойынша соның 200 мың тоннасы жеткізілді. Қоймаларда қазіргі кезде 25,7 мың тонна көмір қоры
    бар. Жылыту маусымының өту барысы тұрақты бақылауда, - деді басқарма басшысы Азамат Бейсбаев.

    Сондай-ақ жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын үй секторында төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Биылғы жылы халықтың әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлерінде 1 940 улы газ және жану өнімдерінің концентрациясын анықтау датчигі орнатылды, оның ішінде жоспар бойынша 1 736, қосымша көп балалы отбасыларға 204 датчик қойылды. Оған қоса, азаматтық қорғау органдары полиция қызметкерлерімен, жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлерін аралап,12мыңнан астам азаматқа түсіндірме нұсқаулық берілді, 94 пеш тазартылып, жөнделді.

    Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің фотоархивінен алынды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының әкімдігі" жаңалықтары