Шетелдік дипломаттарға Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ережелері түсіндірілді

    1 / 5

    Астана, 2026 жылғы 9 қарашаҚазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар басшылары үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған брифинг ұйымдастырды. Іс-шараға дипломатиялық корпустың шамамен 100 өкілі қатысты. Спикер ретінде Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Өнеркәсіп және құрылыс министрі ЕрсайынНағаспаевжәне Көлік вице-министрі Дамир Қожахметов сөз сөйледі.

    Кездесуді ашқанМТілеубердіТәуелсіздіктің 35 жылдығындажария етілген ПрезидентҚТоқаевтыңЖолдауыөткен жылдардыңқорытындысын шығарып, елдің ұзақ мерзімді даму стратегиясын айқындайтынын атап өтті. Ол жаһандық турбуленттілік дәуірде Қазақстанныңсыртқы саясаттасабақтастықтысақтап, конструктивті диалогқа, халықаралық міндеттемелерді сақтауға және мұқият өлшенгенпрагматизмгесүйенетінін ерекше атап көрсетті. 2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 14,4%-ға өсіп, 20,5млрддолларды құрады. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең ауқымды реформалары – сіздердің елдеріңізге, іскер топтарыңыз бен инвесторларыңызға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастыққа шын жүректен және ашық шақыру», – деп атап өтті.

    Сыртқы істер министрі 2029 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан шамамен 6,5трлнтеңге бағытталатынын, ал 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс» жылы деп жариялау ұсынылғанын еске салды. Қазақстан серіктестерге көпжылдық жоспарлау көкжиегін, ауқымды келісімшарттарғақолжетімділіктіжәне инвестицияларды институционалдық қорғауды ұсынады. Министр ынтымақтастықтың басым салалары ретінде энергетиканы, агроөнеркәсіп кешенін,цифрландырумен жасанды интеллектіні, сондай-ақ судыатады. Ол инвесторларға арналған құқықтық кепілдіктерге егжей-тегжейлі тоқталды: Алатау қаласында ағылшын жалпы құқығы негізінде Инвестициялық сот құрылады, ал 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодексті қабылдау жоспарланып отыр. Министрдің атап өтуінше, Қазақстанның шетелдегі мекемелерінеәрбір маңызды инвестициялық жобаны жеке сүйемелдеуді қамтамасыз ету жөнінде нақты нұсқауларберді

    Өнеркәсіп және құрылыс министрі ЕрсайынНағаспаевЖалпыхалықтық ауқымды құрылыс» бағдарламасы отандық өнеркәсіптің дамуына қосымша серпін беруге және инвестиция тартуға арналғанын атап өтті. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген бағыт аясында өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дегіүлесі 13%-ға жетіп, тау-кен саласының үлесінен асып түсті, ал 2023 жылдан бері елде 647 жоба іске асырылды. Олеңперспективті бағыттар ретінде машина жасауды, металлургияны, химия өнеркәсібін және электротехниканы атап, инвесторларға салықтық және кедендік преференциялар, инфрақұрылымы бар жер учаскелері және «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу ұсынылатынынмәлімдеді. «Біздің мақсатымыз – инвестиция тарту ғана емес, технологиялартрансферті, өндірістілокализациялау, шикізатты терең өңдеу, кадр даярлау және бәсекеге қабілетті өнім шығару негізінде ұзақ мерзімді индустриялық әріптестік құру», – деді министр.

    Көлік вице-министрі Дамир Қожахметов Мемлекет басшысының Жолдауы саланың алдына қоятын міндеттер туралы айтып берді: Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалықхабынаайналуы және транзиттік аумақ рөлінен халықаралық жүк ағындарынұйымдастырушы рөліне көшуі тиіс. Оның айтуынша, Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүктің шамамен 85%-ы қазірдің өзіндеҚазақстанарқылы өтеді, ал өткен жылы транзит 18%-ға өсіп, 39,1 млн тоннаға жетті. Жақын арадағы жобалар қатарында ол Бақты–Аягөз теміржол желісін, Арал–Каспийкүре жолын, Ресей және Қырғызстан шекараларындағы барлық 37 автомобиль өткізу пунктін жаңғыртуды және Астанада жаңа әуежай салуды атады.Д.ҚожахметовТранскаспий халықаралық көлік бағытына ерекше назар аударып, шетелдік серіктестерді порттарға, әуежайларға және логистикалық орталықтарға инвестиция салуға шақырды. «Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел мәртебесінен құрлықтарды байланыстыратын ел мәртебесіне көшуде», – деді ол.

    Сұрақ-жауап сессиясы барысында дипломатиялық өкілдіктер басшылары Қазақстанның инвестициялық ахуалына, инвестицияларды қорғау кепілдіктеріне, жобаларға қатысу шарттарына, көлік дәліздерін дамытуға жәнесирек кездесетінминералдар саласындағы ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық танытты. Спикерлер толыққанды жауаптар беріп, одан әрі диалогқа дайын екендіктерін білдірді. Қорытынды сөзде Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері заманауи өндірістер құруға және технологиялар беруге мүдделі компанияларға жан-жақты қолдау көрсететіні, ал Қазақстан ұзақ мерзімді инвестициялық әріптестікке ашық екені атап өтілді.

    Презентация КМ

    Презентация ӨҚМ

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары