Түркия Республикасында білім алатын қазақстандық студенттердің назарына
Т үркия Республикасында білім алатын қазақстандық студенттердің назарына: Түркия Республикасының аумағында заңды түрде болуға және білім алуға құқық беретін ықтиярхатты (кимлик) уақтылы рәсімдеу және ұзарту қажеттігіне назар аударамыз; Арнайы жұмыс визасы болмаған жағдайда еңбек қызметімен айналы су заңсыз екеніне назар аударамыз (студенттік кимлик жұмыс істеу құқығын бермейді) . Әуежайда б ейтаныс адамдардың заттары мен багажын алуға болмайтынына назар аударамыз ; Жергілікті заңнама мен қоғамдық тәртіп ережелерін қатаң сақтау қажеттігіне назар аударамыз ; Жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау ды және оларды рұқсатсыз фото, видеоға түсіруге болмайтынына назар аударамыз ; Әрдайым өзімен бірге ықтиярхатты (кимлик) алып жүру қажеттігіне назар аударамыз ; Медициналық сақтандыру полисін уақтылы рәсімдеу қажет екендігіне назар аударамыз ; Жеке құжаттар мен ақшалай қаражаттың сақталуына ерекше назар аудару; Тұрғын үйді жалға алу шарттарын жасау кезінде ерекше мұқият болуды, оның ішінде келісімшарт талаптарын, жалдау мерзімдерін және жалға берушінің ресми тіркелуін тексеру қажеттігіне назар аударамыз; Қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде, әсіресе үшінші тұлғаларға ақша аудару және бейресми қаржылық қызметтерді пайдалану барысында сақтық шараларын таныту қажет екендігіне назар аударамыз; Жеке басын куәландыратын құжаттарды, банк карталарын және электрондық мемлекеттік сервистерге қолжетімділік деректерін үшінші тұлғаларға беруге болмайтынына назар аударамыз; Контрабанда болып есептелетін тауарларды белгіленген мөлшерден тыс көлемде тасымалдауға тыйым салынатынына назар аударамыз (темекі, электрондық темекі, ұялы телефон, жаңа тауарлар және т.б.); Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес пайдалану қажеттігіне назар аударамыз.