Астанада демалыс күндері 12 мас жүргізуші ұсталды

    Елордада жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мас күйінде көлік басқару фактілерінің алдын алуға бағытталған рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр.

    Атап айтқанда, рейд барысында Бөгенбай батыр даңғылының бойында Nissan автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде 22 жастағы жүргізушінің көлікті басқару құқығы жоқ екені және мас күйінде рөлге отырғаны анықталды.

    Аталған факті бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сот қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Көлік коммуналдық мамандандырылған тұраққа қойылды.

    Жалпы демалыс күндері қалада көлікті мас күйде басқарған 12 жүргізуші тоқтатылды.

    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде көлік басқаруға жол бермеуге шақырады. Мұндай әрекет жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары