Біржан Сал ауданы бойынша Мемлекетттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні»

    Бүгін 9 қарашада Біржан сал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Мусина Ш.М. және Мейрманова А.Т. қатысуымен Ашық есік күні өткізілді.
    Іс-шара аясында салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін қолдану мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірмелер беріліп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.

    Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілімен кездесу өткізіліп, салық төлеушілермен өзара іс-қимыл жасау және оларға қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
    Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың салықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен салық төлеушілер арасындағы ашық диалогты қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтарды салық заңнамасындағы өзгерістер туралы уақтылы ақпараттандыруға ықпал етеді.


    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары