2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтеді.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының тұрғындарына ақпараттық-консультациялық көмек көрсету мақсатында облыстың қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді.
Call-орталықтардың жұмыс кестесі:
Дүйсенбі – жұма: сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс: 13:00–14:30);
Сенбі, жексенбі: сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін.
Call-орталықтар арқылы сайлауға қатысты сұрақтар бойынша кеңес алып, қажетті ақпаратқа қол жеткізе аласыз.
Қалалар мен аудандар бойынша байланыс нөмірлері төменде ұсынылған.
Ақтөбе облысының барлық тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, Қазақстан Республикасы маслихаттары депутаттарының сайлауына қатысуға шақырамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









