Көкшетау қаласында (Ақмола облысы) «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында келесі қызмет түрлері (ЭҚЖЖ) қолдау табады
ЭҚЖЖ 85.5 — Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері
ЭҚЖЖ 86.2 — Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет
* ЭҚЖЖ 96.0 — Өзге де жеке қызметтер көрсету (*дене жайлылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті (ЭҚЖЖ коды 96.04), басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке қызметтер көрсетуді (ЭҚЖЖ коды 96.09) қоспағанда)
ЭҚЖЖ 52.1 — Жүктерді қоймалау және сақтау
ЭҚЖЖ 01.4 — Мал шаруашылығы
ЭҚЖЖ 93.1 — Спорт саласындағы қызмет
ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №729 қаулысына сәйкес «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасына өзгерістер енгізілді.
Әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау кеңейтілді, инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдері қысқартылды және қаржыландыруға қолжетімділік жеңілдетілді.
🔹 қаржыландыру сомасы — 200 млн теңгеге дейін 🔹 субсидиялау мерзімі — 3 жылға дейін (инвестициялық жобалар — 18 ай) 🔹 әлеуметтік кәсіпкерлер үшін субсидиялау мөлшері — номиналды мөлшерлеменің 50%-ы, қалғандары үшін — 40%-ы 🔹 шешім — 5 жұмыс күні ішінде
📞 Қосымша ақпарат: 1408 және «Даму» қорының Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





