НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
2026 жылғы 10 қарашада Күршім ауданында облыстық «ҚЫС-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қысқы кезеңде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде басқару органдарының, азаматтық қорғау күштері мен авариялық-құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау.
Осыған байланысты аудан тұрғындарынан сабырлық сақтап, алаңдаушылыққа жол бермеуді және азаматтық қорғау қызметтері өкілдерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




