Pitch Battle — Цифрландыру күніне арналған Digital Qazaqstan Day – 2026 форумы аясында өтетін стартап-жобалар питчингі!

    Бұл — өз идеяңды сарапшыларға таныстырып, жобаңа назар аудартып, жүлделі орын үшін бақ сынауға тамаша мүмкіндік!

    Қатысу үшін не істеу керек?

    Стартап идеяң немесе дайын жобаңа қатысты ақпаратты дайында.
    Жобаның негізгі тұстарын қамтитын қысқаша презентация әзірле.
    Іріктеуден өтіп, Pitch Battle сахнасында өз жобаңызды таныстыр!

    Жүлде қоры: 300 000 теңге

    Ескерту: Егер сенің жобаңа дейін Astana Hub немесе өңірлік хабтардың жарыстарында жүлделі орын алған болса, бұл жобамен қатысуға болмайды. Бұл — жаңа идеялар мен енді бастап жатқан жобаларға жол ашу үшін қойылған ереже.

    Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 08.11.2026, сағат 23:59

    Іріктеуден өткен 10 команда: 09.11.2026, сағат 20:00-ге дейін жарияланады.
    Питчинг: 10.11.2026, сағат 14:00
    Өтетін орны: Төле би даңғылы, 23Б

    Іс-шараға қатысу үшін алдын ала Astana Hub қосымшасын жүктеп, онда тіркеліп алыңыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Талас ауданының әкімдігі" жаңалықтары