И. Неявконың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыста үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе «Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы» бойынша Zoom платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілі баяндама жасады.
Талқылаудан кейін ұсынылған ақпаратты кеңес мүшелері назарға алды. Лисаков қаласы әкімдігінің салық салу объектілерінің аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы № 503 және № 549 қаулыларының күшін жоюға, сондай-ақ жаңа коэффициенттерді бекітуге қатысты екінші және үшінші мәселелер бойынша қала әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Е. Штейнке сөз сөйледі.
Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдар үшін тиісті ұсынымдар әзірледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







